What are you looking for?

Қазақстан құрамасы Уэльспен кездеседі

22.03.2025

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Уэльс құрамасымен кездеседі.

Матч Кардифф қаласында өтеді. Ойын алдында ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиев журналистер сұрағына жауап беріп, команда сапындағы ойыншылардың жай-күйіне тоқталды. Әсіресе "Қайрат" шабуылшысы Дастан Сәтпаевты ерекше атап өтті. Небәрі 16 жастағы футболшы ұлттық команда тарихындағы ең жас дебютант атанып отыр. Уэльс-Қазақстан кездесуі бүгін түнгі сағат он екі жарымда басталады.

Әли Әлиев, Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері:

- Дастан Сәтпаев болашағынан зор үміт күттіретін спортшы. Ол қай жерде қалай әрекет етуді жақсы біледі. Осындай дарынды азаматтың біздің елімізде, Қазақстанда дүниеге келгеніне қуанамыз. Небәрі 16 жаста болсада бәрін түсінеді. «Челси» өте дұрыс таңдау жасады деп ойлаймын. Егер біз оған дұрыс бағдар көрсетіп, жаттықтырсақ Мудриктен кем түспейтіндігіне сенімдімін.

Абат Айымбетов, ұлттық құрама шабуылшысы:

- Қазақ халқымды қуантуға бүкіл күшімді салып, ең бастысы жеңіспен ораламыз деген ойдамын. Дайындық жақсы өтуде. Атмосфера өте керемет деп ойлаймын. Әрі қарай көре жатармыз бұйырса. Бәрі жақсы.

Social Link

Follow Me On Social Media