0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Былтыр елімізде жалғанды жалпағынан басып, табысын жасырған 2 мыңнан астам кәсіпкер анықталды. Салық төлеуден жалтарғандар жалған 300 млрд теңгенің шот-фактурасын жасаған. Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің айтуынша, компаниялар мен шаура қожалықтар жұмысшылары мен техника санын азайтып көрсеткен. Кірісінен шығысынан көп көрсеткендердің арасында ағылшын тілі курстарын сатқандар да бар. Олар небәрі 24 күнде 3,5 миллиард теңгеге сабақ өткізген болып есеп тапсырған. Осындай жағдайдан соң уәкілетті орган электоронды шот-фактураны қабылдамас бұрын, кәсіпкерлердің биометриялық деректерін сұратпақ. Жоба биылдан бастап пилоттық режимде жүзеге асады.
Ернар Таубеков, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары:
Биометриялық пилоттық жобасы заңды түрде жұмыс істейтін салық төлеушілердің құқығын қорғайтын болады. Сонымен қатар қазіргі таңда бізде жаңа Салық кодексінің жобасында қосылған құн салығын автоматтандырылған түрде бақылау жүйесі қарастырылуда. Ол жүйенің негізгі мақсаты — нақты уақытында электронды шот-фактура жазу кезінде ол салық төлеушіде сатып алынған тауарлар мен қызметтер, басқа да импортталған тауарлар болмаса шот-фактура жазылмайды.
Асылбек Данияр