What are you looking for?

Түркістан облысында жарылыстан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

24.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Түркістан облысының Шардара ауданында газ құю бекетінде болған жарылыстан зардап шеккен үш адамның бірі ауруханада қайтыс болды. Естеріңізге сала кетейік, үш күн бұрын Жаушықұм ауылында жеңіл көлік газ құю колонкасын соғып, жойқын жарылыс болды. Салдарынан оқиға орнында екі адам қаза тауып, үшеуі аудандық ауруханаға жеткізілген еді. Алайда дәрігерлер 22 жастағы жігітті аман алып қала алмады. Ол жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қалған екі адам хирургия бөлімінде ем алып жатыр. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Айнұр Ақбаева

Social Link

Follow Me On Social Media