Үкімет елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтерді Ақмола облысының бірқатар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП) мен дәрігерлік амбулаториялар құрылысын аяқтау жұмыстарына жұмсамақ, деп хабарлайды үкіметтің ресми Telegram-каналына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Облыстың бірқатар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП) мен дәрігерлік амбулаториялар құрылысын аяқтау жұмыстарына Арнаулы мемлекеттік қордан 1,7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды.
Барлығы 4 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт және 1 медициналық пункт салынады. Әр ауысымда 405 науқасты қабылдай алатын дәрігерлік нысандар ауылдық жерлерде халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
Дәрігерлік амбулаториялар Ақмола облысының мына ауылдарында:
- Аршалы ауданы Арнасай ауылында,
- Астрахан ауданындағы Ескі Қалқұтан ауылында,
- Жарқайың ауданы Пятигорское ауылында,
- Целиноград ауданы Жаңа Есіл ауылында бой көтереді.
Сондай-ақ:
- Жақсы ауданының Киров ауылында,
- Целиноград ауданы Жарлыкөл ауылында,
- Бұланды ауданының Партизанка ауылында,
- Бұланды ауданы Алтынды ауылында,
- Шортанды ауданының Пригородное ауылында ФАП-тар салынады.
Целиноград ауданының Шалқар ауылында медициналық пункт пайдалануға беріледі.