Астана, Алматы мен Шымкенте 26 наурыз күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 5 градусқа дейін көтеріліп, түнде -7 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,5 м/с болмақ.
Астанада синоптиктер болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы -1 градусқа дейін жетіп, түнде -13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 2,8 м/с болады.
Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 8 градусқа дейін жетіп, түнде 5 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,6 м/с деңгейінде болмақ.