0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
АҚШ Ресеймен және Украинамен келіссөздер жүргізіп, Қара теңізде шабуылдарды тоқтату және кемелердің қауіпсіздігі туралы келісімге қол жеткізді. Бұны Ақ үй де, Кремль де, Киев те растап отыр.
Мәміле Сауд Арабиясының астанасы әр-Риядта өткен кездесулер нәтижесінде жасалған. Алайда Ресей өзіне жарияланған санкциялардың бір бөлігі алынып тасталғанда ғана келісімнің күшіне енетінін жариялады. Президент Дональд бұл шарттарды қарастыратынын мәлімдеді. Украина басшысы болса, Мәскеудің ауылшаруашылығы өнімдері мен тыңайтқыштар экспортын санкциядан босату талабына қарсылық білдіріп, жаңа құжат дереу күшіне енуі керек деген позиция ұстанып отыр.
Владимир Зеленский, Украина президенті:
Бүгінше бұл мәселені былай сипаттауға болады. Біздің қорғаныс министріміз америкалықтардан келісім қашан күшіне енеді деп сұрады. Америкалықтар сауалға құжат ресми түрде жарияланғаннан кейін әрекет ете бастайды деп жауап берген.
Айта кетсек, наурыздың 18-де америкалықтардың арағайығымен Украина мен Ресей бір-бірінің энергетикалық нысандарын 30 күн бойы атқыламауға уағдаласқан еді. Бірақ тараптар инфрақұрылымдарға соққы беруді жалғастырып жатыр. Мұны бүгін Мәскеу де, Киев те хабарлады.
Арыстан Рысбек