What are you looking for?

Жеңіс күні: Астанаға әскери парадқа қатысушылардың алғашқы легі келді

27.03.2025

Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысушылардың алғашқы легі Астанаға келді, деп хабарлайды 24KZ. Сарбаздар құрлық әскерлері «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты теңіз жаяу әскері бригадасының іріктеуден өткен .

Елордадағы Қазақ елі алаңында өтетін шеруде Ақтау гарнизонынан офицерлер, сержанттар және мерзімді қызметтің 160 сарбазы салтанатты сап түземек. Салтанатты қарсы алудан кейін теңіз жаяу әскері уақытша орналасатын жерге жеткізілді.

Айта кету керек, Жеңіс шеруіне қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың 4000-нан аса әскери қызметшісі қатысады. Оның ішінде 200-ден астам әскери қызметші әйел бар. Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа 200-ден аса әскери техника мен авиация қатысады.

Сағи Қызайбек, гвардия лейтенанты, теңіз жаяу әскері бригадасының батальон психологы:

- Біз Астана қаласына теңіз жаяу әскері бригадасынан 160 мерзімді әскери қызметші дайындап алып келдік. Оларды іріктеу осыдан үш ай бұрын жүргізген болатын. Сарбаздар әскери шеруге дайын. Әскери қызметшілердің әскери әлеуетін көрсетіп, жауынгерлік мықтылығын шыңдайды.

Social Link

Follow Me On Social Media