Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз қаруды тәркілеп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл жыл басынан бері ҰҚК полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп, 12 автомат, 41 тапанша, 75 мылтық, 36 граната және әртүрлі калибрдегі 1 603 оқ-дәрі тәркілеген.
ҰҚК мәліметінше, бұл қарудың едәуір бөлігі Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.
Сонымен қатар, Қазақстан аумағына қаруды заңсыз әкелу деректері тіркеліп отыр.
"ҰҚК көрші елден келетін қару контрабандасы арнасының жолын кесіп, ел аумағында он қаруды сатуға ниеттенген шетелдік азаматты ұстады", — деп жазылған хабарламада.
Күдікті қару-жарақты көліктің қаптамасына жасырып, ҚР азаматтары арасындағы сыбайластарының көмегімен жеткізген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз