0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Қазақстан Футбол федерациясы мен клубтарында 3 млрд теңге тиімсіз жұмсалған. Бас прокуратура тексеріс кезінде негізсіз сыйақылар, күмәнді келісімдер, орындалмаған құрылыс жұмыстары, спортшыларды тамақтандыруға бөлінген қаржыны жымқыру фактілерін анықтады. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталып, іс Қаржылық мониторинг агенттігіне тапсырылды.
Ерлан Жанпейісов, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:
Қазақстанның футбол федерациясы мен бірнеше футбол клубтарына жүргізілген прокурорлық тергеу нәтижесінде «Ордабасы», «Ақтөбе», «Жетісу» клубтарындағы тексерулерде келісімшарт сомаларын асырып көрсету, ойыншыларды төмен бағамен сату, жоғары бағамен сатып алу және қаражат жымқыру сияқты бірқатар елеулі бұзушылықтар анықталды. Бас прокуратура спорт саласында заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырады.
Ақниет Балтанова