0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Биыл Ақтөбе облысында 806,4 мың гектар алқапқа дән себіледі. Қажетті 50 мың тоннаға жуық тұқымның 44 мыңы дайын тұр.
Қазір облыста ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы 95%. Алты мың тоннадан астам арзандатылған дизель отыны бөлінді. Шаруашылықтарға оның литрі 253 теңгеден жіберіледі. Бұл нарықтағы бағадан 15 пайызға арзан. Жергілікті бюджеттен өсімдік шаруашылығын субсидиялауға 1,2 млрд.теңге қаражат бөлінген. «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша да қолдау бар.
Нұрбек Райымбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
Егіс жұмыстарымен облыс бойынша 500 аса шаруашылық айналысады. Негізгі жұмыстар мамыр айының бірінші онкүндігінде басталады. Күн жылынған кезде Әйтеке би, Қарғалы, Хромтау, Мәртөк аудандарында басталады.
Жақсыбек Кемал