What are you looking for?

Президент Алматы қаласының әкімін қабылдады

28.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Президент Ерболат Досаевты қабылдады. Алматы қаласының әкімі биылғы қаңтар-ақпан айларындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 7 пайызға дейін артқанын, жыл соңында өңірлік жалпы өнім 6,4 пайызға өседі деп болжанып отырғанын айтты. Сондай-ақ құны 450 миллиард теңгеден астам қаражатқа 33 жаңа инвестициялық жоба іске асырылатынын жеткізді. Биыл жалпы инвестиция көлемі 2,2 триллион теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артатынын баяндады. Ал Мемлекет басшысы қала басшысына экология мәселесіне ден қойып, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, жыл соңына дейін сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету міндетін жүктеді.

Темірлан Нұрсолтан

Social Link

Follow Me On Social Media