Израиль күштері Ливан астанасын әуеден атқылады. Әскери ұшақтар Бейруттегі «Хезболла» ұйымының дрон жасап шығаратын нысандарына соққы берген. Бұған қарулы топтың еврей елінің солтүстігіне зымырандар ұшыруы себеп. Сондықтан Израиль ахуалдың шиеленісуіне Ливан үкіметін айыптап отыр.
Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Изариль мен «Хезболла» атысты тоқтату туралы келісімге келген. Шарт бойынша қарулы топтың бақылауындағы аудандарға Ливан үкіметінің әскері орналастырылуы тиіс болатын.