What are you looking for?

Босния және Герцеговинада 300-ден аса үй су астында қалды

30.03.2025

Босния және Герцеговинаның батысында нөсер құйып, соңы алапат тасқынға ұласты. Табиғи апаттан Приедор қаласы қатты зардап шегіп, төтенше жағдай жарияланды.

Сана өзені арнасынан тасып, мол су 300-ден астам үй мен ауыл шаруашылығы алқаптарын шайып кетті. Мектептер жабылды. Билік зардап шеккендерге барынша көмек көрсетуге тырысып әлек. Бұл кейінгі 11 жылдағы ең ірі су тасқынына айналды.

Social Link

Follow Me On Social Media