Тиісті жарлыққа елдің уақытша президенті – Ахмед аш-Шараа қол қойған, деп хабарлайды 24kz.
Министрлер кабинетіне 23 саясаткер енді. Арасында этникалық аз топтардың өкілдері мен бір әйел бар. Ол Әлеуметтік істер және еңбек министрі болып тағайындалды. Сондай-ақ Спорт және жастар министрлігі мен Төтенше жағдай жөніндегі мекеме сияқты 2 жаңа мемлекеттік орган пайда болған. Бір қызығы, жаңа үкіметте премьер-министр жоқ. Уақытша президенттің айтуынша, шенеуніктер жемқорлықпен күрес, қорғанысты күшейту және экономиканы дамытуға басымдық береді.