What are you looking for?

"Анонимді хабарлама жіберіледі": елімізде автокөлік иелеріне арналған жаңа цифрлық қызмет іске қосылды

01.04.2025

Қазақстанда көлік құралдарының иелеріне хабарлама жіберу үшін жаңа цифрлық қызмет іске қосылды, деп хабарлайды үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жаңа цифрлық қызмет туралы үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты.

Оның сөзінше жаңа цифрлық қызметті енгізу жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда қауіпсіздік пен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.

"Егер сіз терезесі ашық қалған немесе өтуге кедергі келтіріп тұрған көлікті байқасаңыз, мемлекеттік нөмірді теріп, қажетті тетікті таңдасаңыз жеткілікті. Көлік иесіне анонимді хабарлама жіберіледі. Бұл сервис өзара көмектесудің әрі азаматтық жауапкершіліктің құралына айналады деп сенеміз", — дейді Жаслан Мәдиев.

Social Link

Follow Me On Social Media