What are you looking for?

Оқушыны ұрған жасөспірімдердің ата-анасына сот үкімі шықты

01.04.2025

Семейде мектеп оқушысын соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды El.kz облыстық сотқа сілтеме жасап.

Істі Абай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Сот оларды балаларды тәрбиелеу жөніндегі ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп танып, әкімшілік жаза тағайындады.

Сот қаулысымен бір жасөспірімнің әкесі 5 тәулікке қамауға алынды. Төрт ата-анаға 78 640 теңгеден айыппұл салынды, — дейді ведомство.

Еске сала кетейік бұған дейін сотта кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына жіберу туралы азаматтық іс қаралған болатын.

Сот шешімімен үш жасөспірім ерекше режимдегі облыстық арнайы мектеп-интернатына жіберілді, — делінген хабарламада.

Жасөспірімдердің арнаулы оқу орындарында болу мерзімі қажет болған жағдайда мекемелер әкімшілігінің өтініш хаты бойынша ұзартылуы мүмкін.

Social Link

Follow Me On Social Media