Алматы тұрғындары аспаннан ерекше құбылыс, яғни Күннің қоралануын байқады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1 сәуірде таңертең алматылықтар Күннің айналасында шеңбер тәріздес жарық сәуле пайда болғанын көрді.
Tengrinews.kz оқырманынан
Бұл құбылыс Жер атмосферасындағы ұсақ мұз кристалдарына жарық шашырауынан пайда болады.
Сақина түзілуі үшін мұз кристалдары ауада қалқып тұратындай жеңіл болуы керек. Бұл кристалдар атмосфераның суық жоғарғы қабаттарында ылғал тамшыларының қатуы нәтижесінде қалыптасады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!