What are you looking for?

Үкімет Қостанайдағы индустриялық аймақты дамытуға 6,5 млрд ₸ бөлді

01.04.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Үкімет Қостанайдағы индустриялық аймақтың инфрақұрылымын дамытуға 6,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді. Бұл қаражат еліміздегі ірі жобалардың бірі – KIA автокөлік зауытына қажет автожолдар мен теміржол салуға бағытталмақ. Жоспар бойынша, жаңа зауыт жылына 70 мың автокөлік құрастырып, 1 500 жаңа жұмыс орнын ашады. Бұл – отандық машина жасау саласына серпін беретін маңызды бастама. Сондай-ақ автобөлшектер өндірісіне арналған оқшаулау орталығы мен өзге де өндірістік нысандар ашу жоспарланып отыр.

Ғайсар Оразбаев, Кәсіпкерлік және ИИД басқармасы басшысының орынбасары:

КІА зауытына қатысты айтатын болсақ, инженерлік желіні өткізу жұмысын былтыр бастағанбыз. Қазір аяқтауға жақындадық. Үкіметтен бөлініп жатқан қаржы соның екінші кезеңін атқаруға, яғни автожол мен темір жол салуға жұмсалады. Қазіргі кезде индустриялық аймақта тоғыз жоба түрлі деңгейде іске асырылып жатыр. Бүгінде бос жер жоқ десе болады. Сондықтан оның аумағын кеңейту мәселесі туындап тұр.

Мәдина Нағашыбай

Social Link

Follow Me On Social Media