What are you looking for?

"43 градусқа дейін ыстық": синоптиктер маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады

30.05.2025

Синоптиктер биылғы жаздың бірінші айына арналған ауа райының консультативтік болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Атмосфералық айналымның жазғы ерекшеліктері салқын және ыстық кезеңдердің ауысуымен, жаңбырмен және жекелеген күндері найзағай ойнау, бұршақ түсу, қатты жел тұру сынды тұрақсыз ауа райымен сипатталады. Кейбір күндері шаңды дауыл болады деп күтіледі.

Маусымның бірінші онкүндігінде температураның жоғары болуына қарамастан Қазақстанның барлық өңірінде жиі әрі қысқа мерзімде найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп болжанады. Тек кейбір күндері тропикалық ауа массаларын салқын атлантикалық ауа алмастырып, температура төмендейді деп болжанады, мысалы, бірінші онкүндікте республикамыздың батысында ауа температурасы түнде +17+22°С-ден +7 + 12°С-ге дейін, күндіз +27+32°С-ден +20+25 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі.

Атырау және Маңғыстау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында және Ұлытау облысында түнде сынап бағаны +18+28°С-ден +12+23°С-ге дейін, күндіз +30+38°С-ден +20+30°С-ге дейін түседі, бірақ онкүндіктің соңында күндіз температураның +25°С-ден +32°С-ге дейін көтеріледі деп болжанады.

Мысалы, солтүстік және орталық аймақтардың тұрғындары үшін аптап ыстықтың төмендеуі жаз айының бірінші онкүндігінің ортасында күтіледі: температура түнде +10+15°С аралығында болады, қиыр солтүстікте +7°С-ден +15+20°С-ға дейін, күндіз +25+30°С-ден +18+25°С-ға дейін өзгереді.

Республикамыздың шығысында алғашқы онкүндіктің басым бөлігінде температуралық фон түнде +10+15°С аралығын қамтып, оңтүстікте +20°С-ға дейін төмендейді, күндіз +22+30°С болады, оңтүстікте, керісінше күн ысиды: +35°С дейін, бірінші онкүндіктің соңында, маусымның екінші онкүндігінің басында бұл өңірде күн салқын болады деп күтіледі.

Бірақ оңтүстікте және Жамбыл облысында, тіпті түнгі уақытта да ыстық кезең күтіледі, сынап бағаны көрсеткіштері +20+28°С, күндіз +35+43°С дейін жетеді, алайда бірінші онкүндіктің соңына қарай ауа температурасының шамалы төмендеуі күтіледі: күндіз +28+33°С дейін.

Республикамыздың оңтүстік-шығысындағы Алматы облысында және Жетісу облысында ауа температурасы түнде +10+15°С-ден +15+20°С-ге дейін, күндіз +20+25°С-ден +30+35°С-ге дейін, таулы аудандарда түнде +2+7°С-ден +7 + 12°С-ге дейін, күндіз +10+15°С-ден +20+25°С-ге дейін біртіндеп жоғарылауы болжанады, онкүндіктің екінші жартысында күндіз күн ысиды деп болжанады: +25+30°С дейін.

Маусымның екінші және үшінші онкүндігінде еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ең ыстық күндер туындайды, атап айтқанда, +33+40°С-ге дейін. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте +43°С-ге дейін күн ысып, төтенше өрт қаупі артады, ал күн салқын күндері сынап бағаны +22+27°С-ге дейін төмендейді.

Еліміздің солтүстік жартысына келетін болсақ, өңірдің орталығы мен шығысында ауа температурасы түнде +15+23°С-ден +2+10°С-ге дейін, күндіз +25+38°С-ден +15+27°С-ге дейін ауытқиды деп күтіледі.

Social Link

Follow Me On Social Media