What are you looking for?

Оңтүстік Кореяда жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

01.06.2025

Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Ел спортшылары үшін дүбірлі дода жемісті болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан құрамасы жарысты алты жүлдемен аяқтады. Атап айтқанда, отандық спортшылар ел қоржынын 3 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдемен толықтырды. Олар: Нора Джеруто (3000 метр кедергілер арқылы жүгіру, 5000 метр) екі алтынға қол жеткізсе, Дейзи Джепкемей (10000 метр) бір алтын жүлдені еншіледі.

Ал Елизавета Матвеева (биіктікке секіру) күміс медальға ие болса, Ясмина Тоқсанбаева (20 шақырымдық спорттық жүріс) мен Дейзи Джепкемей (3000 метр кедергілер арқылы жүгіру) қола жүлделерді қанағат тұтты.

Командалық есепте Қазақстан құрамасы Қатармен бірдей нәтиже көрсетіп, төртінші орынға тұрақтады.

Social Link

Follow Me On Social Media