What are you looking for?

Канадада орман өртінен 25 мың адам көшірілді

03.06.2025

Канадада орман өртінен 25 мың адам көшірілді. CTV телеарнасының мәліметі бойынша аймақта 100-ден аса өрт ошағы тіркелді .

Ахуал әсіресе Манитоба провинциясында қиын. Мұнда 400 мың гектар алқап жанып кетті. Көк түтін АҚШ аумағына дейін жеткен. Салдарынан сол өңірдегі адамдардың тыныс алуы қиындап, үйлерінен шыға алмай қалды. Өрт сөндіруге өзге өңірлерден құтқарушылар тартылды. Жалынның бетін қайтаруға шекеден өткен күн де кедергі боп тұр.

Social Link

Follow Me On Social Media