What are you looking for?

Байтасов жоғары салық кәсіпкерлікті өлтіретінін айтып, дабыл қақты (ВИДЕО)

07.03.2025

Журналист, Tan Media Group медиахолдингінің иесі, Forbes Kazakhstan баспагері Арманжан Байтасов салық өссе, кәсіпорындар жабылып қалады деп дабыл қақты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол кәсіпкер енді бизнес жасаудың қажеті бар ма, жоқ па, соны ойланатынын айтты.

Ол бұл шешімді отбасылық кеңесте немесе кешке бухгалтерімен отырып ақылдасады. Егер сандар сәйкес келмесе, не істейді? Ол кәсіпорнын жабады. Бәрі дұрыс сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ шындығына келгенде, бұлар – біз өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деп атайтын адамдар. Олардың саны өте көп. Сіз бұл адамдарды немен айналыстырасыз? Олар отбасын қалай асырайды? Ақырында олар бәрібір мемлекетке келеді де: “Зейнетақы беріңіздер, жәрдемақы беріңіздер немесе тағы басқа көмектер көрсетіңіздер” деп сұрайды. Өйткені олардың да өмір сүруі керек. Бұрын олар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар еді, — деді сарапшы.

Байтасов айтқандай, Қазақстанның барлық тұрғынын “ҚазМұнайГаз”, “Теңіз”, “Шеврон”, “Қазақмыс” сияқты ірі кәсіпорындарға орналастыра алмаймыз. Ол жұмыс орындары бәріне жетпейді.

Бұл түсінікті. Оның үстіне, бұл компаниялар елдің табиғи ресурстарын игеріп отыр. Бұл – біздің ортақ байлығымыз. Оның үстіне, біз әрдайым экономиканы әртараптандыру қажет деп айтып келеміз. Тек қана шикізат өндірумен өмір сүруге болмайды. Біз жаңа, қызықты бірдеңе істеуіміз керек. Мысалы, туризмді дамытуға болады немесе басқа да салаларға көңіл бөлу қажет, — деп ұсынды журналист.

Ол жаңа талаптап кәсіпкерлікті өлтіреді деген ойда.

Осындай салық жағдайында мен, бизнесте көптен бері жүрген кәсіпкер ретінде, бұл кәсіпкерлік бастамаларды өлтіреді деп есептеймін. Өкінішке қарай, бұл елдегі салық базасының азаюына әкеледі. Біз – барлығымыз бірге мемлекет ретінде – салық түсімдерінің қысқарғанын байқаймыз. Кәсіпкер енді ойланады: оған бизнес жасаудың қажеті бар ма, жоқ па? Егер сандар сәйкес келмесе, ол кәсіпорнын жабады, — деп ойын айтты Арманжан Байтасов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Досым Бесбай (@dossymb)

Social Link

Follow Me On Social Media