Ақ үй басшысы Дональд Трамп Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Екеуара әңгімеде Украинадағы жағдай сөз болды. Бұл орайда Киев тарапынан Ресей аэродромдарына жасалған дрон соққысы және оның салдары талқыланып, қақтығысты тоқтату мүмкіндіктері айтылды. Сондай-ақ тараптар АҚШ-пен Иранның ядролық келісім мәселесіне де тоқталды. Дональд Трамптың айтуынша, Путин болашақта Иранмен келіссөзге қатысып, соғыстың жедел аяқталуына көмектесуі мүмкін екенін жеткізді. Қос Президент бір сағаттан астам уақыт сөйлескен. Баспасөздің хабарлауынша, екі көшбасшының әңгімесі жаһандық тұрақтылық пен бейбітшілік үшін өте маңызды.
Related items