Елордадағы LRT желісінде рельстің 50% төселді.
Бұл туралы CTS компаниясы хабарлады. Бүгінде рельстің 11 шақырымы төселіп, бетонмен нығайтылған. Жалпы шпал төсеу және рельс монтаждау бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. "Нұрлы жол" теміржол вокзалы, Халықаралық әуежай, Министрліктер үйі және республикалық бас мешіттің маңындағы негізгі нысандардың құрылысы қарқын алған. Сондай-ақ станцияларда электр жабдықтарының жүйесі орнатылып жатыр. Ал қыркүйек айында жеңіл рельсті көліктің сынағы жүргізіледі.
Related items