What are you looking for?

Әйелдердің мемлекеттік қызметтегі үлесін арттыру ұсынылды

07.03.2025

Мемлекеттік қызметшілердің 56 пайызға жуығы әйелдер. Алайда олардың басшылық лауазымдардағы үлесі 40 пайыздан төмен.

Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің сапалық құрамына терең талдау жүргізіп, оларды қызметте жоғарылатуға қатысты ұсынымдар әзірлеу қажет. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты өкілдерімен кездесуінде мәлімдеді. Жиын гендерлік теңдік, әйелдердің қоғамдағы рөлі мен олардың мемлекеттік басқару ісіне қатысуы мәселелеріне арналды. Кездесу барысында мемлекеттік қызметтегі әйелдердің басшылық лауазымдарда аз қамтылуы мәселесі қозғалды. Аида Балаева кадрларды іріктеуге жүйелі түрде қарау қажеттігіне тоқталып, әйелдерге арналған кеңес беру орталықтарын құруды ұсынды.

Social Link

Follow Me On Social Media