Астанада « Сарыарқа » сауда орталығы артындағы көше уақытша жабылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
9-13 маусым аралығында Астанадағы «Сарыарқа» сауда орталығы артындағы 68-көшеде жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Қозғалыс екі бағытта да кезекпен ұйымдастырылады.
Жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.