What are you looking for?

Жеке деректерді сатқан қылмыстық топ ұсталды

09.06.2025

Қазақстан азаматтарының жеке деректерін сатқан 140 адам ұсталды. Күдіктілер мәліметтерді мемлекеттік базадан заңсыз алып отырған. Сондай-ақ, оны телеграмм арқылы коллекторлық компанияларға саудалаған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Қылмыстық топтың 5 мүшесі қазір қамауға алынған. Оларды тінту кезінде 400-ден астам компьютер мен басқа да электронды құрылғылар тәркіленді. Оқиғаға қатысы бар тұлғалардың толық тобын анықтау жұмыстары жалғасып жатыр, — деді құзырлы орган өкілі.

Жандос Сүйінбай, ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы:

Қылмыстық Кодекстің 205 бабы 3-бөлігі: ақпараттық жүйеге заңсыз қолжеткізу, 147 бабы 5-бөлігі: жеке өмірге қол сұғу және жеке деректер туралы заңнаманы бұзу, сондай-ақ 201 бабы 3-бөлігі шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз тарату бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Асылбек Данияр

Social Link

Follow Me On Social Media