What are you looking for?

Калифорния штатының губернаторы Трампты сотқа бермек

10.06.2025

Калифорния штатының губернаторы президент Дональд Трампты сотқа бермек. Гэвин Ньюсом: «Ақ үй басшысын Лос-Анджелеске ұлттық гвардияны кіргізбес бұрын жергілікті билікпен ақылдасқан жоқ», - деп айыптады.

Оның сөзінше, АҚШ басшысының бұл шешімі шаһардағы ахуалды одан бетер ушықтырды. Лос-Анджелестегі толқулар елде көші-қон полициясының заңсыз мигранттарды тексеру шараларынан кейін басталды. Президент Трамп: «Калифорния губернаторы мен Лос-Анджелес мэрі ахуалды реттеуге қауқарсыз», - деп тәртіпсіздікті басу үшін Ұлттық гвардияның 2000 жауынгерін жіберуді бұйырған.

Social Link

Follow Me On Social Media