What are you looking for?

Мемлекет басшысы Португалия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

10.06.2025

фото: t.me/s/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаны осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады .

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген байланыстың жетістікке толы боларына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас португал халқына құт-береке тіледі.

Social Link

Follow Me On Social Media