What are you looking for?

Қазақстанда AqylTech және IT-Aiel тегін білім беру жобалары іске қосылды

10.06.2025

Қазақстанда AqylTech және IT-Aiel жобаларына тіркеу басталды, деп хабарлайды 24KZ. Бұл онлайн оқыту бағдарламалары жастар мен әйелдердің қаржылық сауаттылығын арттыруға, олардың цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған.

Одан бөлек, қатысушыларға киберқауіпсіздік пен цифрлық гигиена негіздері де үйретіледі. Өтінімдер бүгіннен бастап қабылданады. Ал оқыту 1 шілдеде басталып, 2,5 айға созылады.

Әлия Оразымбетова, CyberBala жобасының авторы:

- Осы жоба өмірімді түбегейлі өзгерткенін айтқым келіп тұр. Бұл жоба арқылы тек білім алғаным жоқ, яғни IT саласында және цифрлық коммуникациялар саласындағы өз жолымды табуға көмектесті. Қазір Қазақстандағы алғашқы жасанды интеллектке негізделген өзгеше PR студиясының тең құрылтайшысымын.

Social Link

Follow Me On Social Media