Талдықорғанда «Таза Қазақстан» акциясы аясында ерекше форматтағы экологиялық шара өтті, деп хабарлайды 24KZ. Жастар қала тұрғындарына қорапшадағы гүл тұқымдарын тарту етті. Сыйлық алғандарға көпжылдық өскіндерді өсіріп, өз ауласын гүлзар баққа айналдыру міндеті жүктелді. Игі бастама арқылы белсенділер көпшілікті тазалықты сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосуға шақырды.
Жалпы биыл Жетісу облысында ұйымдастырылған сенбіліктерге 96 мыңнан аса адам қатысты. Олардың көмегімен 6 200 тонна тұрмыстық қалдық шығарылған. Аудан-қалалардың аумағына 56 мыңнан астам көшет егілді.
Любовь Старцева, қала тұрғыны:
- Гүл көшеттерін егемін. Гүл адамға әдемілік, қуаныш сыйлайды. Бұл біздің экологиялық мәдениетіміздің көрсеткіші. Менің ойымша, әр үйдің ауласында гүл болуы керек.
Ақерке Қызайбаева, «Қазақстан студенттер Альянсы» Жетісу облыстық филиалының төрайымы:
- Біз бүгінгі «Таза Қазақстан» акциясы аясында 40 қорапшадағы тұқымды таратқанбыз. Бұл бізде қала тұрғындарын экомәдениетке баулуға және қоршаған ортаға деген махаббатын қалыптастыруға үйретеді.
Related items