Биыл елде 149 мың көлік құрастыру жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5% көп. Отандық автоөнеркәсіп саласының дамуы инвестициялар және локализация бағамы есебінен қамтамасыз етілді.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметі бойынша былтыр машина жасау бағытында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 282 млрд теңгеге жетті. Ал осы жылдың алғашқы тоқсанында тағы 55 млрд теңге тартылған. Саланы дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде республикалық бюджеттен 1,4 трлн теңге және бюджеттен тыс көздерден 1,3 трлн теңге көлемінде қаржыландыру көзделген.
Related items