What are you looking for?

«Бекіре-2025»: «Жайық-Каспий» бассейнінде 4,5 тонна балық тәркіленді

13.06.2025

«Жайық-Каспий» бассейнінде екі ай бойы өткен «Бекіре-2025» акциясы кезінде 4.5 тонна балық заңсыз айналымнан шығарылды, деп хабарлайды 24kz.

Оның ішінде бағалы бекіре тұқымдастары және 2 келі қара уылдырық бар. Брконьерлерден 200-ден астам ау- құралы және 44 су көлігі тәркіленді. Ауқымды шараны облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары мен құқық қорғау, табиғатты қорғау органдарының қызметкерлері және шекарашылар бірлесіп өткізді. Заң бұзған тұлғаларды анықтап, тиісті шаралар қолданды.

Берік Қорқытов, «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз хатшысы:

- Күштік құрылымдардың бірлескен әрекетінің нәтижесінде «Жайық-Каспий» акваториясы аумағынан 1125 құқықбұзушылық анықталды. Табиғат қорғау ережесін бұзған 867 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ балық қорына заңсыз қол сұғушларға қатысты 33 қылмыстық іс қозғалып, оларға 21,5 млн теңге айыппұл салынды.

Social Link

Follow Me On Social Media