What are you looking for?

Грекияда алғаш рет адамға ұқсаған роботтар Олимпиадасы өтеді

16.06.2025

29 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында Грекияда тарихтағы алғашқы гуманоидты роботтар Олимпиадасы өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы .

Бұл бірегей шарада адам кейпіндегі роботтар дәстүрлі спорт түрлерінен – жүгіру, секіру, найза лақтыру секілді жарыстарда бақ сынайды. Сонымен қатар, олардан ептілік, жылдам реакция және күрделі қимылдарды орындау қабілеті талап етілетін арнайы жаттығуларда да шеберліктері сыналады.

Олимпиада аясында ауқымды ғылыми бағдарлама жоспарланған. Робототехника мен жасанды интеллект саласындағы ғалымдар, инженерлер, студенттер және осы бағыттағы энтузиастар шеберлік сабақтарын өткізіп, өздерінің инновациялық жобалары мен жаңалықтарын ұсынады.

Бұл оқиға – технология мен спорттың тоғысқан бірегей алаңы ретінде әлем назарын аудартатын маңызды бастама болмақ.

Бұған дейін Англияда тұрғын робот-шаңсорғыштың үйсіз қалғанын жазған едік. Сонымен қатар Қытайда қонақүй қызметшісін алмастыратын ерекше робот шығарылғанын жадық.

Social Link

Follow Me On Social Media