What are you looking for?

Қарулы күштер қатарындағы әйелдер мемлекеттік наградалармен марапатталды

08.03.2025

Қазақстанның Қарулы күштер қатарында 9 мыңға жуық әйел қызмет етеді.

Оның 32-сі полковник. Сондай-ақ 11 ару басшылық лауазымда қызмет атқарады. 60-ы түрлі мемлекеттік наградалармен марапатталған. Мерекеге орай Қорғаныс министрлігі осы жауынгер қыздардың құрметіне салтанатты кеш ұйымдастырып, көктем мейрамымен құттықтады. Погондағы арулар қатарында десантшылар, теңізшілер, барлаушылар, мергендер, байланысшылар, механик-жүргізушілер және әскери дәрігерлер мен тәрбиешілер бар. Ауыр жұмысты абыроймен атқарып жүрген бірқатар бұрымды мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Сара Базарбаева, ҚР ҰҚУ Оқу-әдістемелік басқармасының әдіскері:

- Бүгін күнде міне, халықаралық әйелдер күніне қарсы еңбегім еленіп, Президентіміздің жарлығымен Ерен еңбегі деген медальмен марапатталып отырмын, өте қуаныштымын.

Сонымен қатар мерекелік кеште «Әскер аруы» анықталды. Қарулы күштер сапындағы қыздар арасында өткен байқауға 36 нәзік жан қатысты. Әлеуметтік желіде өткен сайыстың нәтижесі дауыс саны бойынша шығарылды. Әскерилер кешіндегі басты тәж Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімі штабының аға маманы, қатардағы жауынгер Аружан Әбдібекқызына бұйырды. Екінші және үшінші орын алған қызметшілер де марапатталды. Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.

Нәзерке Пернебай, ефрейтор, аға механик:

- Осы байқауға басшылықтың қолдауымен қатысып жатырмын. Бұл жеңіске барлық сұлулар лайықты. Аруларды осы 8 март мерекесімен құттықтаймын. Мен күткен жоқпын бірінші орын аламын деп. Рақмет барлық қолдаушыларыма, отбасыма бірінші кезекте. Әріптестеріме.

Social Link

Follow Me On Social Media