Елімізде суперкомпьютер дәуірі басталды. Орталық Азияда алғаш болып, жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеулерге арналған заманауи суперкомпьютерлік кластер күзде толық іске қосылады. Сала министрлігінің ақпарынша, NVIDIA H200 үдеткіштері негізінде жасалған құрылғының есептеу қуаты – 2 экзафлопс. Бұл – бүкіл өңір үшін рекордтық көрсеткіш. Құрылғы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» базасында жұмыс істемек. Суперкомпьютер тек мемлекеттік құрылымдарға емес, ғылым, білім және бизнес салаларына да қызмет етпек. Оның ресурстары университеттерге, ғылыми орталықтарға, стартаптарға және IT-компанияларға қолжетімді болады. Суперкомпьютердің қуаты медицинада жаңа дәрі-дәрмектер жасауға, қатерлі ісіктерді ерте анықтауға, генетикалық зерттеулерді тереңдетуге мүмкіндік береді. Бұл бастама Қазақстанның цифрлық тәуелсіздігін нығайтып, халықаралық IT-компаниялар мен деректер орталығы операторлары үшін инвестициялық тартымдылықты арттырмақ.
Нұрбақытбек Саясат, ҚР ЦДИАӨМ Жасанды интеллект инфрақұрылымы басқармасының бас сарапшысы:
Экологияда ауа райын болжауға қарастыратын болсақ, экологиялық ауа райы апаттарын алдын ала болжауға, қандай мөлшерде зардап әкелетіндей есептеулер жүргізуге болады. Супер компьютерді қазіргі таңда зерттеулер жүргізіліп жатыр.
Динара Жарқынбек