What are you looking for?

Еуроодақпен су және қалдықтарды басқару ынтымағы артады

19.06.2025

Су ресурстары және қалдықтарды басқару саласында экологиялық ынтымақ кеңейеді.

Премьер-министр осы мәселе бойынша «Қазақстан – Еуроодақ» диалогтік платформасының XVII отырысын өткізді. Жиында су қауіпсіздігі, трансшекаралық байланыс пен циркулярлы экономикаға көшу шаралары талқыланды. Сондай-ақ экологиялық технология енгізу, инвестиция тарту әрі озық тәжірибе алмасу әріптестігі сөз болды. Бізде ауыл шаруашылығында су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы іске асып жатыр. Олжас Бектенов Team Europe компаниясының су, энергетика және климаттың өзгеруі жөніндегі өңірлік бағдарламасы Қазақстанның су секторына жеке инвестиция тартатынын жеткізді. Ал, қалдықтарды басқаруға келсек, соңғы 10 жылда елде өңдеу үлесі 1%-тен 25%-ке дейін өсті. 2030 жылға қарай көрсеткіш 40%-ке дейін жетуі тиіс.

Social Link

Follow Me On Social Media