What are you looking for?

Челах жазасын қалай өтеп жатыр? ҚАЖК төрағасы жауап берді

19.06.2025

Ішкі істер министрінің орынбасары — Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбеков Владислав Челах жазасын қалай өтеп жатқанын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенаттағы брифингте ведомство өкілінен Челах кешірім беру туралы өтініш білдірген-білдірмегені сұралды.

"Владислав Челах өмір бойына сотталғандарға арналған түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Ол заңнамада көзделген барлық талапты сақтайды. Оған кешірім беру туралы қандай да бір материалдарды қарастырып жатқан жоқпыз", — деп жауап берді Қайырбеков Сенатта өткен брифингте.

Челахқа қатысты іс

Еске салайық, 2012 жылғы мамырда Алматы облысындағы биік таулы шекара бекетінде 14 шекарашы мен қорықшы өлі табылған болатын. Арқанкергеннің он бесінші әскери қызметкері Владислав Челах бірнеше күннен кейін табылды. Ол басты күдікті болды. Сол жылғы желтоқсанда сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media