АҚШ әлемдегі алғашқы адамның иммун тапшылығы вирусына қарсы вакцинаны мақұлдады. Елдің азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасының дерегі бойынша препаратты әзірлеуге 20 жылдай уақыт кеткен. Вакцинаны жылына екі рет қана қабылдауға болады.
Адамзат үшін қауіпті дерттің анықталғанына 40 жылдан астам уақыт өтті. Десе де әлі күнге дейін жұқпалы дертке қарсы бірде-бір вакцина жоқ. Бұл ретте мамандар бұл оқиғаны «медицина саласындағы тарихи кезең» деп атады.