Адам құқықтары мен бостандығына қылдай қиянат жасалмауы тиіс.
Бүгін соны қамтамасыз ететін әрі соған жауапты судья және сот қызметкерінің кәсіби мерекесі. Елде әділет орнауы үшін заң үстемдік ету керек. Сондықтан абыройлы сала қызметкерлеріне артылар міндет те ауыр. Стратегиялық маңызға ие бағытта жүйелі түрде реформа жүргізіп келеді. Кадрлардың кәсібилігін көтерумен қатар сот ісі жетілдіріліп, басқару үдерістері оңтайландырылып, цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. Биыл шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі үш дербес кассациялық сот жұмыс істейді. Бұл азаматтар мен бизнестің құқықтары және заңды мүдделерін қорғауға арналған институционалды мүмкіндік.