Танымал емші, сынықшы Бағдагүл Лепесова әнші Наркенже Серікбаеваға шүйлікті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сынықшы өнер иесінің әлеуметтік желіде басшысына ауыр айып тағып, халық назарын аудартып алып, бәрін жылы жауып қоя салғанына ашулы.
Адамға ауыр айып тағылды ма? Ол рас болса, жауап беруі керек. Орта жолдан «біз келістік» деген не сөз? Қыздардың арын таптаған болса, жауап берсін. Сіз қалай келістіңіз? Ақша алдыңыз ба, не болды? Неге тыныш отырған халықтың мазасын аласыздар? — деп ашуланды сынықшы.
Айта кетейік, бұған дейін Наркенже Серікбаева Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының директоры Ғалымжан Ерназаровты өзіне қысым көрсеткенін мәлімдеп, бұл халық арасында шуға ұласты. Дегенмен көп ұзамай желіде екі тараптың татуласқанының видеосы тарады.