What are you looking for?

Президент Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойды

25.06.2025

Биыл қазақтың қайсар қызының туғанына – 100 жыл.

Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына сапары барысында Әлия Молдағұлованың ескерткіші жанында жергілікті жұртшылықпен кездесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Әлия Молдағұлова – халқымыздың қайсар қызы. Бүгін 100 жылдығына орай арнайы келдім. Бұл, ең алдымен, азаматтық борышым. Тағзым ету үшін келіп отырмын. Баршаңызға көп рахмет. Әлияның есімін халқымыздың арасында, шетелде кең ауқымда дәріптеуіміз керек. Ол – біздің мақтанышымыз. Сондықтан оның есімі біздің жадымызда мәңгі сақталады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент қазіргі алмағайып заманда бірлікті, татулықты сақтау өте маңызды екеніне назар аударды.

Social Link

Follow Me On Social Media