What are you looking for?

Еліміз бойынша 7 облыста жол қозғалысы шектелді

09.03.2025

Күн райына байланысты 7 облыстағы 8 республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Абай, Шығыс Қазақстан, Атырау, Жетісу, Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облыстарында жүру қиындап тұр. Қазір жолдарды қардан тазарту және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Бұл шараларға 243 арнайы техника мен 322 маман жұмылдырылды. Жолаушылар мен жүргізушілер 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Social Link

Follow Me On Social Media