Елімізде бейнемониторинг жүйесі арқылы 585 қылмыскер ұсталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ел бойынша қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасанды интеллектке негізделген бейнемониторинг жүйесі кеңінен қолданыла бастады. Бүгінде 19 мыңнан астам бейнебақылау камерасы смарт технологиямен жабдықталған . Жүйеге 75 мыңнан астам адамның фотосуреті енгізілген. Ақылды камералар адам бейнесін тану, топталған адамдарды анықтау, қару немесе күмәнді заттарды тіркеу секілді күрделі функцияларды орындайды.
Сәкен Сәрсенов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:
19 мың ақылды камера жасанды интеллект арқылы жұмыс істейді деп. Соның санын да біз 80 мыңға жеткізуді жоспарлап отырмыз. 1-2 жылдың ішінде. Сол технология арқылы біз профилактика жұмыстарын жүргізу, қылмыстардың болмауын және қылмыстарды жедел түрде ашуға әрекет жасау.
Динара Жарқынбек