What are you looking for?

Заң мен тәртіп: елде 1,5 млн бақылау камерасы бар

26.06.2025

ІІМ-не қарасты жедел басқару орталықтарындағы камералар санын 600 мыңға жеткізу көзделеді.

Бұл туралы министрдің орынбасары Сәкен Сәрсенов журналистермен кездесуде мәлімдеді. Қазір аталған орталық еншісінде 400 мың камера бар. Ел аумағында 1,5 млн-ға жуық сыртқы бақылау құралы орнатылған. Құзырлы министрлік оны еселеуді жоспарлап отыр. Қылмыс санын азайтуға ақылды камералардың да ықпалы тиді. Елдегі 19 мың бақылау құралы жасанды интеллектімен жасақталған.

Сәкен Сәрсенов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Жылдың басынан бастап айтсақ, 11 пайызға қылмыстың саны азайып жатыр. Камералар және цифрлық технологиялар арқылы 57 пайыз қылмысты ашты біздің қызметкерлер. Әкімшілік бұзушылықты айтсақ, осы цифрлық технологиялар арқылы 66 пайызы тіркелді. Менің ойымша, осы технологиялар арқылы осы заңның аясында өмір сүру және тәртіпке бағыну, екіншіден біздің қызметкерлерімізді осы заңның аясында жұмыс істеу және уставтың ұстанымын ұстауға ықпал етеді.

Social Link

Follow Me On Social Media