What are you looking for?

ҚМА құмар ойындарға қарсы күресті күшейтті

27.06.2025

Қазақстан Қаржылық мониторинг агенттігі ел аумағындағы заңсыз құмар ойын бизнесіне қарсы күресті жүйелі түрде жүргізіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Агенттік таратқан ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылдың басынан бері:

  • 47 заңсыз құмар ойын мекемесінің қызметі тоқтатылған;
  • 200-ден астам ойын автоматы тәркіленген;
  • 11 мыңнан астам интернеттегі заңсыз казино мен ойын сайттарының сілтемелері бұғатталған.

Мамандардың айтуынша, лудомания (құмар ойынға тәуелділік) тек азаматтардың қаржылық жағдайына емес, сонымен қатар отбасы берекесіне, психологиялық денсаулыққа және қылмыстық ахуалға да әсер етеді.

«Ойнап жүрген немесе өзгелерді тартатын әрбір адам – қылмыстық тізбектің бір бөлшегіне айналады», делінген хабарламада.

Social Link

Follow Me On Social Media