Алматы облысының тауларында құтқарушылар аяғынан жарақат алған адамды эвакуациялады, деп хабарлайды 24kz.
Оқиға Талғар шатқалында үш мың метрден астам биіктікте болды. Демалыста жүрген туристік топтың бір мүшесі өздігінен жүре алмай қалғандықтан достары көмекке төтенше жағдайлар қызметкерлерін шақырды. Зардап шеккен азамат зембілмен тау соқпақтарымен төмен қарай түсіріліп, апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды. «Оның өміріне еш қауіп жоқ», - дейді мамандар.