What are you looking for?

Автобус апатынан екі аяғынан айырылған оқушы қыз мектепке қайта оралуы мүмкін бе?

30.06.2025

Жол-көлік оқиғасынан кейін екі аяғынан айырылған оқушы қыздың мектепке оралу мүмкіндігі бар. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрдің айтуынша, қазіргі заңнамаға сәйкес, бала алдымен үй жағдайында білім алады. Ал толыққанды реабилитациядан кейін мектепке қайта бару мәселесі қарастырылатын болады.

«Реабилитация – ұзақ уақытты қажет ететін процесс. Қайғылы жағдай жуырда ғана болды. Біз ең алдымен баланың психикалық және физикалық саулығына баса мән беруіміз керек. Тек содан кейін ғана академиялық білім туралы ойлауымыз қажет», – деді Бейсембаев.

Social Link

Follow Me On Social Media