Ақмола облысында 5 адамның күйдіргі ауруын жұқтырғаны анықталды .
Дене қызулары көтеріліп, үстілерін жара басқан азаматтар бірден облыс орталығындағы инфекциялық ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір науқастардың жағдайы қалыпты. Қатерлі індет Атбасар ауданына қарасты Шұңқыркөл ауылдық округінде тіркелді. Тиісті сала мамандары ауылдағы малдардан 9 сынама алған. Оның үшеуі зертханалық тұрғыда расталды. Зерттеу нәтижелері әлі толық дайын болмауына байланысты әзірге ауыл карантинге жабылған жоқ. Ауру тараған аумақта дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.