What are you looking for?

Әлем кубогы: бүгін шаршы алаңға алты боксшымыз шығады

01.07.2025

Бүгін алты боксшымыз жұдырықтасады. Бірер сағаттан кейін Астанадағы әлем кубогының кезекті жарыс күні басталады, деп хабарлайды 24kz.

Ерлер арасында 55 келідегі Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Қарсыласы – кореялық боксшы. Артынша 60 келіде Серік Теміржанов австралиялық, 80 келіде Нұрбек Оралбай әзірбайжандық, ал, аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай доминикандық жігіттермен қолғап түйістіреді. Әйелдер арасында 54 келідегі Әнел Сақыш екінші кездесуін өткізеді. Яғни, бүгін өзбекстандық Феруза Казаковамен жолығады. Қазақ қызы кеше ғана германиялық боксшыны жеңген болатын. Бұған қоса, 75 келідегі Надежда Рябец бразилиялық боксшымен өзара мықтыны анықтайды. Астана қаласының тұрғындары жекпе-жектерді күндіз 14:00 және кешке 19:00-де екі сессия бойынша тамашалай алады. Кіру тегін. Жарыстың өзі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media